KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да жаңадан ұлттық табиғи парк құрылатын болды

2.07.2018, 06:08 165

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым айының соңынан бастап ҚР Үкіметінің бұйрығымен жаңа табиғи парк құрылды, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.


Ол – Үржар ауданының аумағындағы «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі. Тұмса табиғаты тұнық су жаңа қорықтың жалпы көлемі – 143550,5 гектар.


Айта кетейік, елімізде барлығы 10 қорық бар. Екеуі еліміздің шығыс өңірінде орналасқан.  Олар – Марқакөл және Батыс Алтай қорығы.


Марқакөл қорығы – Жүсіпбекше айтсақ, қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан,  шарап сулы Марқакөлдің шегінде орналасқан. Көлемі – 75 мың гектар.


Батыс Алтай қорығы – Риддер және Зырян ауданындарының таулы-орманды жерлерін алып жатыр. Алтайдың аса бай флорасы мен фаунасын басып жатқан бұл қорықтың көлемі – 56 мың гектар.


Ал ұлттық парктер елімізде бесеу. Олар Алматы, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау өңірлерінде орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық  паркін білмейтін адам жоқ шығар. Алып парктің аумағы – 643 мың гектар. Иә, енді осы қатарға «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі қосылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив