ШҚО-да қатты жаңбыр жауады, су басу қаупі жоғары
pexels.com
ШҚО-да алдағы күндері найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 8-10 шілде аралығында облысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағын қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сол себепті су жайылып, елді мекендерді су басуы мүмкін.
9 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскемен қаласында найзағай, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.