KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Балаларды сауықтыру орталығындағы 10 бала ауруханаға түскен

pexels.com

8.07.2024, 13:00 91 Назерке Каримова

«Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығындағы балалар Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM ақпаратына сүйеніп.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, науқас балалар - Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олар 30 маусымынан бастап сауықтыру орталығында болған.

- Бүгін 7-шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады, - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойлыған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив