ШҚО-да қауіпті жерде суға түскен 15 адам жауапқа тартылды
ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД мамандары жабдықталмаған жағалауда суға түсіп жүрген өскемендіктердің бірін бүгін анықтады.
Құтқарушыларға Өскеменде Үлбі өзенінде бір адамның суға түсіп жүргені туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Белгілі болғандай, 1958 жылғы азамат шомылуға рұқсат етілмеген, жабдықталмаған орында суға түсіп жүрген. Құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегіне мұқтаж емес еді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – ҚР ӘҚБтК 412-бабы "су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны" үшін қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері суда демалушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Облыста бұған дейін осы бап бойынша 15 адам жауапқа тартылған.
ШҚО ТЖД судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін еске салады:
- жабдықталмаған жерде шомылу;
- алкогольдік мас күйде шомылу;
- балаларды қараусыз қалдыру;
- алыс қашықтыққа жүзу;
- биіктіктен секіру;
- дененің гипотермиясы, бұлшықет спазмы.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз