KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Семей барлық көрсеткіштер бойынша бесінші орында – қала әкімі

26.06.2018, 12:56 181




Журналистермен болған кездесуде қала әкімі Ермак Сәлімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы айтып берді. Жөнделген, әрі жарықтандырылған көшелер, жылу мен ыстық судың ретке қойылуы сияқты қала тіршілігінің қайнар көзі болатын сауалдарға жауап берді. Сұрақ –жауап форматында өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде, журналистер өз сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.


– Қала бюджетін дамып келе жатыр. Облыс бойынша барлық көрсеткіштер бойынша осы жылы бесінші орындамыз, өткен жылы жетіде болғанбыз, жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік дамып, өндіріс орындары, ауылшаруашылығын дамыту бойынша нақты шараларды атқарып жатырмыз, бұл соның нәтижесі -деді қала әкімі.


Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, жылдың басынан бері өндірісте 66, 4 милиард теңгеге өнім шығарылса, ауыл шаруашылығы бойынша 6,2 милиард теңгенің тауарлары саудаланды. Бүгінгі күні қалада 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жұмыстарын жүргізіп, күнделікті қала бюджетін қомақты қаржымен қамтамасыз етуде. Жыл басынан бері 3 мың 525 тұрғын жұмысқа орналасты. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жыл басына бері 162 адам кеңес алып, 33 тұрғынға өз бизнестерін дамыту бойынша бағдарламалық жұмыстар жүргізілді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 тұрғынға, 81 миллион теңге екінші деңгейлі банктер арқылы берілді.

Күнделікті халық тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін алты сауда орындарында жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген бағамен сауда орындары ұсынылуда. «Северный» көлік-логистикалық орталығында елу орын шаруа қожалықтарына тегін беріліп, ауылшаруашалық тауарлары арзан бағамен саудаланып келеді. Жыл басына бері 24 жәрмеңке ұйымдастырылып, 120 миллион теңгеден астам қаражатқа сауда-саттық жасалды.


Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша осы жылы 143,9 миллион теңгенің 29 жобасына қолдау көрсетіліп, оның ішіндегі 20 жоба, 122,4 миллион теңгеге қаржыландырылды.


Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы қабылданып, осы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің қасындағы 12 ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлініп, қазір жұмыстар жүріп жатыр.

Жалпы қала көшелерін және аулаларды абаттандырып және көріктендіруге қалалық бюджеттен 1 милиард 196 миллион теңге бөлініп, ретке келтіру күнделікті жүргізілуде. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қаланың әр жерлерінде 11 спорттық алаң салыну жоспарланып отыр, оған 90 миллон теңге қаражаты бөлінді. Әсіресе қалалықтар арасында қолдау тапқан Абай алаңын абантандырып, жөндеуге 87 миллион теңге бөлінуі қуантып отыр.


Қала көшелерін күрделі және ағымдағы жөндеуге осы жылға 2 милиард 235 миллион теңге бөлінді. Жыл сайын қала көшелерінің жөнделуі тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр.

Халықаралық маңызы бар Мичурин көшесіндегі күрделі жөндеу аяқталып, қалалықтар өтініші бойынша көптеген жылдары бойы жөнделмеген Найманбев көшесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар автокөліктер көп жүретін Тәңірбергенов, Титова, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов тағы басқа көшелер жөнделуде. Қазіргі уақытта 36 көшедігі жолдар ағымдағы жөндеуден өтті.


Жалпы кездесу барысында қала әкімі журналистердің қойған барлық сауалдарына жауап беріп, жыл басынан бері қаланың экономикалық дамуында оң өзгерістер қалыптасып отырғандығын айтты, кейбір сауалдардың жауабын БАҚ өкілдерімен бірге қарастыратындығын жеткізді




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив