Өңірлік қолбасшылықтың басқарма офицерлері сынақтан өтті
Күні кеше Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған комиссия Өскемен қаласына келді. Тексеру тобы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма әскери қызметшілерін сынақтан өткізді. Төрт жылда бір рет келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сарапқа салынуда.
Таңның атысымен инспекторлық тексерісті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері бастады. Басты мақсат - өңірлік қолбасшылық әскерлерінің жауынгерлік жағдайын, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Жауынгер үшін ең бастысы – дене даярлығы.
Әскери қызметшілер, сондай-ақ, оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады. Қазан айының он алтысында басталған арнайы тексеріс ай соңында мәресіне жетеді.
ҰҰ «Шығыс»
өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі