KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Семейдің Түйемойнақ аралында табиғи саябақ салынады

19.06.2018, 04:43 205

Семейдің Түйемойнақ аралында ерекше саябақ салынады. Аталмыш бақта жүгіруге, велосипед тебуге арналған жолдар және балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдары болады.


Аймақ басшысы Даниал Ахметов кезекті аппараттық кеңесте қала басшылығына осындай тапсырма жүктеді.


– Қазірден бастап келешек саябақтың жобасын әзірлеуді бастаңыздар. Бұл жұмысқа бір жыл уақыт беремін. Аралға апартын жолды жөндеу керек. Ал саябақтың табиғи қалпын барынша сақтаған жөн. Тек жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге арналған жолдар төсеп, ойын алаңдарын орнату қажет. 2020 жылға қарай Семейдің өзіндік бірегей саябағыболуы тиіс, – деді Даниал Ахметов осыған орай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив