KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Тарбағатай ауданында әлемдік деңгейдегі турнир басталады

15.06.2018, 14:35 178

Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында әлемдік деңгейдегі дәстүрлі турнир басталады. Бұл турнир спортшылар мен ерлер күресінің жанкүйерлері арасында аса танымал.


Жарыстардың алдында мұражай үйі, кесенелерді аралау және Ырғызбай бабаның есімімен аталған арнайы кешеннің нысандарымен танысу ұйымдастырылмақ.


Айта кетсек, Ырғызбай Досқанұлы 1787 жылы дүниеге келген атақты емші, сынықшы. Ол науқастарды шөп дәрілермен емдеген екен. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды да сырқатынан айықтырған деген де аңыздар бар. Ырғызбай бабаның кесенесіне келгендердің барлығы оның ерекше қасиетін бойына сіңіріп, ауру-сырқаудан арылады деп сенеді халық.


Спорттық жарыстар 15-16 маусымда Ақсуат ауылының орталық стадионында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттай рәсімі мен жабылу салтанаты да осында өткізілмек. Осы жылы жарысқа әлемнің 22 елінен спортшылар қатысады екен.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив