KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Шығыс Қазақстанда қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді

21.04.2014, 18:00 226



Сәуір айының 25-і мен 26-сы күндері Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында қазақ күресінен әулие Ырғызбай атындағы екінші халықаралық турнир өтеді. Қазақ күресінен өтетін халықаралық турнирге тоғыз елдің балуандары қатысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған іс-шараның бастамашысы - қазақ күресінің дүниежүзілік федерациясы, ұйымдастырушысы - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Аталған турнирге қатысуға бүгінде тоғыз елдің балуандары, атап айтсақ, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения және Латвия ұсыныс білдіріп отыр. Боз кілемдегі белдесулер 80 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ категориялары бойынша өтеді. Әр мемлекеттен ең мықты, іріктелген екі балуаннан келеді. Бұл бәсекеге қос «Қазақстанның барысы» Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров қатысады деп жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, еліміздің әр облысынан бір-бір спортшы жарысқа түсе алады. Іс-шараның бас демеушісі - «Қазцинк» серіктестігі. Бұл алпауыт кәсіпорын алдағы он жыл бойы осы турнирдің жүлде қорын өз мойнына алмақ.

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 40 мың АҚШ доллары. Бірінші орынға 10 мың, екінші орынға 5 мың, үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде сыйақы берілмек. Сонымен қатар, өзге де арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив