KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

«Ледокол» жаз мезгілінде Бұқтырма жағалауын өрттен қорғайды

14.06.2018, 06:47 111

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «Ледокол» өрт сөндіруші кемесі жаз айларында өрттен сақтандыру мақсатында Бұқтырма су қоймасының жағалауына аттанды.


Суға шомылу маусымы кезінде судно су қоймасының жағалауын қадағалап, аптасына бір рет демалыс базаларының қасына тоқтайды, сол жерде тілсіз жаудың алдын алу шаралары жүргізіледі деп жоспарланған.

Кеменің басты міндеті - өрт сөндірушілердің десантын бір жағалаудан екіншісіне қысқа мерзім ішінде жеткізу. Өйткені бұл аймаққа жету өте күрделі. Өртке қарсы қызмет құралдарының келіп жетуі көп уақытты қажет етеді. Ал ең жақын деген өрт сөндіру бөлімі Серебрянка қаласында орналасқан.


Бүгінгі таңда «Ледокол» Ертіс айлағындағы ең ірі апатты-құтқару су құралы болып табылады, оның сыйымдылығы 255 тонна. Судно төрт сорғышпен, лафеттік оқпандармен, помпалармен жабдықталған. Ледокол жағалаудағы өртті 50 метр қашықтықтан сөндіре алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив