KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, С
492.65 525.71 5.03

Бұқтырма су қоймасына «Ледокол 2» жеткізілді

20.07.2017, 10:12 169

Өрт сөндіру қызметі «Ледокол 2» өртке қарсы кемесін толық әзірлікке келтірді. Өрт сөндіруге пайдаланылатын су көлігі қыркүйек айының соңына дейін Көгілдір бұғаздың жағалауына бақылау жасауға шығарылды.


Бұқтырма су қоймасының жағалауында көптеген нысандар орналасқан. Олардың ішінде демалыс базалары, балалардың спорт лагерьлері, саяжай кооперативтері, елді мекендер мен орман желектері бар. Алайда төтенше жағдай болса қалса, не өрт шықса, бұл жерлерге жету қиындық туғызады. Оның үстіне көп аумақтарға тек су құралымен жетуге болады екен.

Осы аудандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру қызметі «Ледокол-2» мұзжарғыш-өртке қарсы кемесін Аблакетка айлағынан көгілдір бұғазға апарып орналастырды. Мұзжарғыш жетуі қиын аудандарды тілсіз жаудан қорғайтын болады. Қазіргі таңда ол Ертіс акваториясындағы ең ірі апатты-құтқару кемесі болып саналады. Жағалауды күндіз-түні бақылаумен қоса кеме су көліктері мен паромда шыққан өртті сөндіре алады, зардап шегушілерді басқа жаққа көшіру үшін де пайдаланылмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив