Бұқтырма су қоймасы маңындағы саяжайда шыққан өрт судан да, жерден де өшірілді
Тілсіз жаудың қызыл жалыны «Икар» саяжай кооперативіндегі екіқабатты үйді түгел орап алды, оттың басқа үйлерге таралу қаупі туған еді. Өрт сөндіру қызметіне дабыл келіп түскенде, сол маңда «БИПЭК АВТО» өрт катері болған. Катер оқиға орнына бірінші болып жетіп, іздерін шала өрт сөндірушілер де келіп, өртпен екі жақтан айқас басталады.
Октябрь кентіндегі №20 өрт сөндіру бөлімі мен «БИПЭК АВТО» катері қызметкерлерінің бірлесе қимылдауының нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ.
Өрттің жалпы аумағы 210 шаршы метрді құрайды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі электр бұйымдарын қолдану мен орнату кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау болып табылады.
Жаз кезінде су қоймасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маусым айының ортасында "Ледокол 2" өрт сөндіру кемесі сол жаққа жіберіледі.