KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Ертең Өскеменде түнгі жарыс өтеді

8.06.2018, 06:31 94

9 маусым күні түнгі сағат 23.00-де Сол жағалаудағы Этносаябақтың «Арзан» супермаркеті жағындағы автотұрақта автошабандоздар өз шеберліктерін сынақтан өткізе алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жарысты ұйымдастырып отырған Gentlemen’s Racing Park клубының ақпаратына сәйкес, жазғы чемпионаттың алғашқы кезеңінде автошабандоздар арнайы белгіленген үш учаскені жүріп өтуі керек. Ол жерде қатысушылардың жылдамдықтары мен көлік басқару шеберліктері таразыланады. Жеңімпаздарды анықтау барысында автокөліктің техникалық артықшылықтары да назарға алынатыны айтылды.


-Қатысқысы келгендер өтінішті ертең, тура жарыстың алдында беруге болады. ШҚО мен қатар Павлодар мен Қарағандының да мықтылары бұл сайыста шеберлік сынасады,-дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив