KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Шығысқазақстандық спортшы еркін күрестен Румынияда жүлдегер атанды

7.06.2018, 11:41 160

Шығысқазақстандық спортшы еркін күрестен Румыния астанасы Бухаресте өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.


Constantin Alexandru&Ioan W.Popovici and Dumitru Parvulescu&Vasile Iorga деп аталатын бұл додаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған кадеттер қатысып, бірнеше салмақта өзара мықтыны анықтаған-ды. Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да өнер көрсетті. Оның бірі Семейдегі №1 олимпиадалық резерв спорт мектебінің шәкірті Сұлтан Құрманәлиев болды. 45 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан түгелдей дерлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, ақтық белдесуде Қазақ елінің тағы бір өкілі – жамбылдық Бақдәулет Таласпаевпен кездесті. Аса тартысты өрбіген шешуші белдесуде шығысқазақстандық балуанның мерейі үстем болды.


Естеріңізге салайық, білікті бапкер Роллан Көксегеновтің қол астында жаттығатын Сұлтан Құрманәлиев биылғы мамыр айында Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Өзбекстаннан оралған бойы Румынияға жол тартқан жерлесіміздің ол жақтағы дүбірлі додада да қанжығасы майланып қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив