KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Семейде терезеден құлаған бала көз жұмды деген ақпарат жалған болып шықты

7.06.2018, 11:06 161

Семейде көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 5 жастағы бала көз жұмды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


10 қабатты тұрғынүйдің 2-қабатынан құлаған бала бүгін жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Баланың бас сүйегі мен қолы сынған, миы шайқалған. Оған ота жасалып, гипс салынған. Қазір дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.


«Бала өте ауыр жағдайда жеткізілді. Қазір беті бері қарады. Палатаға шығардық. Дәрігерлердің бақылауында болады. Егер жағдайы жақсы болса, шамамен 19 маусым күні ауруханадан шығуы мүмкін», - деді Балалар ауруханасының хирургия бөлімінің травматолог-ортопеді Болат Омаров.


Айта кетейік, 4 маусым күні анасы үй шаруасымен айналысып жүрген уақытта 5 жастағы бала ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Ал анасы мен дәрігерлерге хабарды көршілері жеткізген.  Естеріңізде болса,бұған дейін жапа шеккен бүлдіршін ауыр жарақаттан көз жұмғаны туралы хабар тараған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив