Өскеменде терезеден құлаған баланың жағдайы белгілі болды
5 сәуір күні көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала туралы жазған едік, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Көкжал барақ көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 12 жастағы ұл бала төртіншгі қабаттағы терезеден құлаған екен. Бұған дейін баланың жасы 8-де деген ақпарат таралған еді.
Екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін травматология бөліміндегі жай палатаға ауыстырылыпты. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басөармасының баспасөз қызметі мәлімдейді.
Баланың жағдайында оң өзгерістер байқалған көрінеді.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу аясында тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.