KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Аурулар тізімінің қысқаруы тегін медициналық көмекке әсер етпейді – Денсаулық министрі

6.06.2018, 07:13 167

Осыған дейін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінің қысқаруы мүмкін екені туралы хабарлаған едік. Алайда Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл тегін дәрі-дәрмектердің берілуіне еш әсерін тигізбейді.


Министрдің жарияланған бұйрығына сәйкес аталмыш тізімнен созылмалы вирусты гепатиттер, қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, жіті инфаркт, миокард, ревматизм, орфандық (сирек) және жүйке жүйесінің ауруларын алып тастау жоспарланған.


-Біз мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемінен ештеңе алып тастамаймыз, аталған барлық аурулар қалады. Біз тек әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімі мен диспансерлік қаралуды қажет ететін аурулар тізімін реттеп жатырмыз, - деп сендірді Елжан Біртанов.


Оның мәлімдеуінше, диабет секілді ауыр сырқаттар ерекше қаралуды қажет ететін сырқаттар тізіміне кіргізілмек. Яғни, оларға қажетті диагностикалық зерттеулер мен консультациялардың нақты саны мен тегін дәрі-дәрмектің тізімі анықталатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив