KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Қазақстандық студенттер Кселлдің қолдауымен Ұлыбританияға оқуға барады

5.06.2018, 05:53 170

Өскемендік және Қарағандылық екі студент британдық Kingston университетінде тегін оқиды. Бұл мүмкіндікті олар «Кселл» компаниясы мен «Taiburyl» қоғамдық қорының бірлескен білім беру жобасында жеңіп алды. 



«Дарындыларға арналған магистратура» жобасы наурыз айында еліміздің төрт қаласында — Қызылорда, Қарағанды, Өскемен және Павлодардағы ЖОО басталған болатын. Оның ең басты мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қолдау. Байқауға «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Ақпарат жүйелері», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару» сияқты мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Грантқа үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары болуы әрі ауызекі және жазбаша ағылшын тілін жақсы меңгерген болуы міндетті болды.


Жобада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенті Дархан Ашимов және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Адильхан Кусаинов жеңімпаз атанды. Олар бір жыл бойы Kingston университетінде (Лондон, Ұлыбритания) білім алады. Екеуінің де таңдаған мамандық бойынша оқу үлгерімі өте жақсы, түрлі қоғамдық және білім жобаларына белсенді қатысады. Дархан мен Адильхан аймақтық және халықаралық олимпиадалардың қатысушылары. Шетелдегі оқуларын осы жылдың қыркүйек айында бастайды. Университетте білім алу, сонымен бірге жол ақысы, жатын орны, тамақтану, оқулықтар, медициналық сақтандыру, виза және басқа да шығындарды «Кселл» компаниясы өз мойнына алады.


«Біздің компанияның миссиясы қазақстандық талантты жастарды қолдау. Аталмыш жоба «Жалпыға арналған білім беру» бағдарламасы аясында біздің компания іске асыратын жұмыстың бір бөлігі. Заманауи өмірде оқу мен білім кез-келген адамның ең құнды капиталы. Табысты болу үшін үнемі біліміңді жетілдіріп отыру керек. Біз екі студентке Ұлыбританияның үздік ЖОО бірінде білім алуға мүмкіндік беретінімізге қуаныштымыз», — деді «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің басшысы Наталья Еськова.


Жобаның серіктесі — Қазақстан бойынша жетім және аз қамтылған отбасы студенттерін қолдайтын бағдарламаны ұзақ жылдан бері іске асырып келе жатқан «Taiburyl» қоғамдық қоры.


«Taiburyl» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов:


«Аға буын жастарға реніш білдіріп жатқанын жиі естіп қаламыз. Біз жұмыс барысында талантты және талапкер жастарды көптеп кездестіреміз. Дәл қазір жақсы оқу, терең білімді болу қайтадан сәнге айналды. Бұл өте қуантарлық жайт, осы бағытты қолымыздан келгенше мемлекеттік деңгейде ғана емес, бизнес тарапынан да қолдауымыз керек. Өйткені осы студенттер ертең қазақстандық компанияларда жұмыс істейді», — деп атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив