KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде бүгін жартылай марафон өтті

3.06.2018, 10:32 223

Бүгін Өскеменде Астана қаласының 20 жылдығы мен ел жеңіл атлетикасының 100 жылдық мерейтойларына арналған жартылай марафон ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Спорттық шара республикалық жеңіл атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ «Altay аthletics» клубының мұрындық болуымен өтті.


Жарыс барысында қатысушылар Ертіс өзенінің жағалауындағы алдын ала бекітілген жолмен жүгіріп, өзара сынға түсті. Айта кетейік, жартылай марафон үш кезеңнен тұрды. Оның «Аltay kids run» деп аталатын бірінші кезеңіне балалар қатысып, бір мың метрге жүгіруде үздікті анықтады. Бұдан кейін 2018 метрлік қайырымдылық жарысы ұйымдастырылды. Ал ең негізгі дода 21,097 шақырымдық жартылай марафон болды.


Таңғы сағат 10.00-де Ертіс өзенінің жағалауынан бастау алған жарыс түс ауа аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жартылай марафонның нәтижелері туралы облыстық «Дидар» газетінің алдағы сандарынан біле аласыздар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив