KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Ертіске ағып кеткен жігіт тірі қалды

30.05.2018, 12:43 125

24 жастағы өскемендік жігіт шомылу маусымының ашылуын күтпестен Ертіске түскен. Ет қызумен өзеннің ортасына жеткенде ағысқа төтеп бере алмай қалған «жүзгішті» құтқарушылар жағаға жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ертістің қарқыны қатты болғаны соншалық, жігітті жүздеген метрге ағызып әкеткен. Тек қалқыма көпірден асқан кезде барып, өзен ортасындағы төмпешікке шығып, аман қалған. Су ортасында жартылай жалаңаш отырған жігітті көпірден өтіп бара жатқан адамдар байқап, «112»-ге хабарласады.


«Дабылға жағажайларды қайықпен патрульдеп жүрген №5 жасақ бірінші болып үн қатты. Жағаға аман жеткен жігіт киім-кешегі мен ұялы телефонын жоғалтып алған. Киімсіз қалған жігітті құтқарушылар үйіне жеткізіп салды. Оның су түспес бұрын арақ ішкені анықталды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.


Мамандар жігіттің аман қалуын мыңнан бір кездесетін кездейсоқтық деп бағалап отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив