KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде жас жігіт көпірден секірмек болды

8.01.2019, 07:20 148

Оқиға осы жексенбіде 6 қаңтар күні сағат кешкі жетілер шамасында болған. Ертіс көпірінде өмірімен қош айтыспақ болған жігітті жақын маңда жүрген тұрғындар дер кезінде байқап қалыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


102 арнасына түскен хабарламадан кейін оқиға орнына жол-патрульдік полиция қызметкерлері келіп жеткен. Олар жарты сағат бойы жас жігітті райынан қайтуға шақырып, түрлі амалдармен назарын өздеріне аударуға тырысады. Бұдан кейін оқиғаның ауқымы кеңейе түсіп, барлық жедел қызметтер құтқару шарасына атсалысқан екен.


-Полиция қызметкерлері Мирас Набиев пен Серік Нурихановтың үйлесімді әрекет етуінің нәтижесінде, жігіт аман-есен құтқарылды, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жап-жас жігіттің мұндай қадамға не себепті бармақ болғанын құзырлы органдар анықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив