KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге куәліктің орнына төсбелгі беріледі

28.05.2018, 08:25 124

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын бағалау және оған  сыртқы сараптама жасау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері  ШҚО-дағы ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Елден шыққанымызға екі айдың жүзі болды. Осымен он екінші өңірге ат басын бұрдық, - деп бастады кездесуді Мемлекеттік қызмет агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.


Арман Тілектесұлы алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің барлығына куәліктің орнына төсбелгі берілетінін жеткізді. Департамент директорының айтуынша, төсбелгіні дайындауға 400-500 теңге жұмсалса, куәліктің құны 3-4 мың теңгедей, яғни экономикалық жағынан да тиімді. Оның үстіне ІТ-картада мемлекеттік қызметші туралы барлық мәлімет көрсетіледі.


ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы болашақта аудан мен қала әкімдері үшін де білімдерін жетілдіру курстары ұйымдастырылатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив