Өскеменде оқушыны көлік қаққан сәт бейнежазбаға түсіп қалды (видео)
Әлеуметтік желіде № 206 қоғамдық көлігінің жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыны қағып кеткен сәті түсірілген бейнежазба пайда болды.
Естеріңізге сала кетсек, 16 мамыр күні Өскемен қаласына қарасты Согра кентінде 9 жасар қыз бала жол-көлік оқиғасында көз жұмған еді. Оқиға «Старый подхоз» аялдамасының тұсында орын алды.
Қаза болған қыздың ата-анасы осы оқиғаның куәгерлері мен қандай да дәлел бола алатын бейнежазбаларды іздестіріп, хабар таратқан болатын.
Оқи отырыңыз
Өскеменде оқушыны қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот үкім шығардыӨскеменде көлік қағып кеткен оқушының ата-анасы оқиғаның куәгерлерін іздестірудеӨскеменде оқушыны қағып өлтірген қоғамдық көлік жүргізушісінің ісіне қатысты сот басталдыОқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестірілудеБір уыс топырақ. Соғыста шейіт болған қазақ офицерін туыстары 75 жылдан кейін тапты