KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО-да «Тәлімгер – Вожатый «FEST» фестивалі өтті

18.05.2018, 09:54 159

Балалардың қызықты жазғы демалысына да санаулы ғана күндер қалды. Осы орайда Таулы Үлбідегі «Дарын» базасында «Тәлімгер –Вожатый «FEST» облыстық фестивалі өтіп, нәтижесінде өңіріміздегі ең үздік тәлімгерлері анықталды.


Өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде педагог-ұйымдастырушы мамандығы бойынша білім алып жүрген болашақ тәлімгерлер сайысына фестивальдің былтырғы жеңімпазы – Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен қатар С.Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі, Семей қаласының көпсалалы колледжі, Қазақстан Америка Еркін университеті және басқа да оқу орындарының жасақтары белсене қатысты.


Облыста осымен үшінші рет өткізіліп отырған сайыста студенттер төрт байқау бойынша сынға түсті. Олар – пелагогикалық жасақтардың визиттік карточкасы, «Лагерьдегі бір күн» үй тапсырмасы, зияткерлік-шығармашылық квест және флешмоб.


Фестиваль аясында «Тәлімгерлер жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, өңіріміздегі көптеген лагерьлерден келген басшылар өз лагерьлеріне тәлімгерлік жұмысқа үміткерлер таңдауға мүмкіндік алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив