KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
444.14 477.05 4.85

Өскеменде зиянды ойыншықтар анықталды

17.05.2018, 09:20 167

Өскемендегі сауда орындарында сатылатын ойыншықтардың сапасы тексерілді. Рейд жұмыстарын жүргізген облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары 60 түрлі ойыншықтың сынамасын алды.


Нәтижесінде 32 ойыншықта иіс, бояғыш зат, формальдегид және изобутил спиртінің мөлшері шамадан тыс көп екендігі анықталған.


Рейд барысында талапқа сәйкес келмейтін ойыншықтарды сатумен айналысқан 16 сатушы мен жеткізушіге қатысты ұйғарым шығарылды. Бұдан бөлектөрт кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.


– Тексеру жұмыстары кезінде бала денсаулығына зиянкелтіретін ойыншықтарды саудалаған бір кәсіпкерге сот арқылы 70 айлық есептік көрсеткішкөлемінде айыппұл салынды, - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтаудепартаменті басшысының міндетін атқарушы Альмира Манкутова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив