KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Дзюдодан Еуропа кубогының финалында шығысқазақстандық екі қазақ кездесті

15.05.2018, 02:41 113

Дзюдодан Еуропа кубогының ақтық сынында қос қазақ балуанының жолы түйісті. Ресейдің Орынбор қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы IX ашық Еуропа кубогы жарысында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Мадияр Сембаев пен Нұрлан Оразалин белдесті.


Бір қызығы, бұл екеуі де Шығыс Қазақстан облысының өкілдері. Жарыс барысында ресейлік және әзірбайжандық дзюдошыларды сенімді ұтқан жерлестеріміз шешуші белдесуді аса тартысты өткізді. Дегенмен, бұл айқаста білікті бапкерлер Қасым Табылдинов пен Бақытбек Дуановтың қол астында жаттығатын Нұрлан Оразалиннің мерейі үстем болды.


Айта кетейік, бірнеше күнге созылатын жарысқа тағы үш шығысқазақстандық татами шебері қатысуда. Олар: Ғабит Дәулетбаев (81 келіге дейін), Алмас Акрашев (91 келіге дейін) және Талғат Әміренов (100 келіден жоғары). Бұл спортшының бәрі де Өскемендегі Дзюдо орталығының шәкірттері екенін айта кеткен орынды.


Дзюдодан облыстық жастар құрамасының бас бапкері Бақытбек Дуановтың айтуынша, осындай ауқымды жарыстарда бақ сынау арқылы спортшыларымыз әлемдік додалар мен Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін ұпайларға қол жеткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив