KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Жерлесіміз "Қазақстан барысынан" басым түсті

17.11.2018, 08:30 135


Астанада дзюдодан өткен ересектер арасындағы ел біріншілігінде шығысқазақстандық татами шеберлері тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Үш күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден астам спортшы қатысты. Дзюдодан облыс құрама командасының бас бапкері Бақытбек Дуановтың мәлімдеуінше, бұл бәсекеге жарақатына байланысты келе алмаған Ерлан Серікжанов пен Гүлжан Исановадан басқа беткеұстар дзюдошыларымыздың түгелдей дерлігі жиналыпты.


Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Айдана Бұғылбаева (52 келіге дейінгі салмақ) мен Зере Бектасқызы (70 келі) қола жүлдеге қол жеткізсе, 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Назерке Тілеуханова күміс медальға ие болды.


Ал ерлер бәсекесіне келер болсақ, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Қажыбаев жарыс жеңімпазы атанса, дәл осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Әділ Оразбаев үздік үштікті түйіндеді.


Осы ретте, шешуші белдесуде Қажыбаев 2017 жылғы «Қазақстан барысы» жарысының жеңімпазы, қызылордалық Еламан Ерғалиевтен басым түскенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив