KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Медицина қызметкерлері кене энцефалитінің алдын алуға шақырады

14.05.2018, 06:53 205

ШҚО-ның эпидемиологиялық бақылау мамандары кене шағу маусымында аса абай болуға шақырады. Естеріңізге сала кетсек, облыста кене энцефалитіне шалдығу жағдайлары Глубокое, Зырян, Зайсан, Көкпекті (Самар өңірі), Катонқарағай, Ұлан, Шемонайха аудандарының аумағы мен Риддер, Өскемен қалаларының маңында жиі тіркеледі. Мамырдың бас кезінің өзінде облыс бойынша 782 адамды кене шаққан. Әзірше кене энцефалитіне шалдығу жағдайы тіркелген жоқ.


Кене энцефалиті – әртүрлі ағзалар мен жүйелерді, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Індеттің ауыр жағдайында сал ауруы пайда болып, мүгедектікке алып келуі мүмкін. Кене энцефалитіне  қарсы екпе тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретінін естеріңізге саламыз.


Бұл аурудың жасырын мерзімі шамамен 7-21 күнді құрайды. Ауыр түрде басталады, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтереліп, бас ауыру, жүрек айну, құсу, бет, мойын терісі қызару секілді белгілермен қатар, кеуде тұсы, ауыз қуысында, көз қабығында және бұлшық еттерінде ауырсыну пайда болады, сондай-ақ, науқастың есінен тануы, сіңірі тартылуы мүмкін. Диагноз неғұрлым ертерек қойылса, қолданылған ем-шара да соғұрлым тиімдірек болады.


Кене шаққанда не істеу керек?


-Жедел түрде медицина қызметкеріне қаралыңыз.


-Егер ондай мүмкіндік болмаса, кенені өзіңіз алып тастаңыз. Кенені кішкентай тұмсығын жұлып алмай, өте абайлап алу керек. Жабысып тұрған кенеге кез келген майды немесе керосинді тамызып, қысқышпен немесе мықты жіппен қармап, қозғай отырып ақырын алу керек. Егер тұмсығы теріде қалып қойса, оны тікен сияқты аласыз.


-Шаққан жерге йод тұнбасын жағыңыз және қолыңызды мұқият жуыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив