KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Айбек Нұғымаров "Шығыс барысы" атанды

13.05.2018, 02:09 150

Семейде ҚР Президентінің жүлдесіне арналған "Қазақстан барысы-2018" республикалық турниріне іріктеу жарыс өткізілді. Облыстық сайысқа Шығыс Қазақстанның барлық өңірлерінен кіл мықты палуандар жиналды.

Атап айтқанда іріктеу бəсекесінде аймақтың 20-дан аса үздік саңлақтары күш сынасыпты. Олардың арасында республикалық жəне халықаралық жарыстарда олжа салып жүрген спортшылар да болды.



Абсолютті салмақта өрбіген белдесулер тартысты өтті. Əйтсе де биылғы сайыстада Айбек Нұғымаровқа тең келер жан табылған жоқ. Шығыстың шымыр ұлы бұл жолыда ерледі. Ақтық сында ол Барқытбелдің саңлағы Мақсат Мəзібаевтан айласын асырды. Ал үшінші орынға тағы бір сақа палуан абайлық Ерлан Конкиев тұрақтады. Осылайша "Шығыс барысы-2018" турнирінде топ жарған Айбек, биылғы "Қазақстан барысы" жобасында өңір намысын қорғамақ.


Айта кетейік, шығысқазақстандық шебер бұған дейін "Қазақстан барысы" жəне "Əлем барысы" сынды додаларда жеңімпаз атанған еді. Сол секілді жерлесіміз əлем жəне Азия біріншіліктерінде алтын тұғырға бірнеше мəрте көтерілді. Бұл орайда ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері екенін айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив