KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 4 м/с, З
492.65 525.71 5.03

Риддерде үйге су сұрап кірген ұрылар зейнеткердің қол-аяғын скотчпен байлап тастаған

10.05.2018, 08:25 116

Риддерде зейнеткердің үйіне басып кіріп, тонап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға бесінші мамыр күні болған. Ол туралы полицияға тонауға түскен зейнеткердің 70  жастағы жұбайы мәлім еткен.  Зардап шегушінің айтуынша, күдіктілер қарияның үйде жалғыз қалғанын пайдаланған.


«Полиция қызметкерлері тонау болған аумақты түгелдей қарап, зардап шегушімен сөйлескен соң нақты әрекетке көшті. Нәтижесінде 32 жастағы Риддер қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Екеуі де бұған дейін бірнеше рет сотталғаны анықталып отыр» - дейді департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Айгерім Нұрғазина.


Күдіктілер зейнеткердің үйіне су сұрай кіріп, кейін оның қол аяғын скотчпен байлап тастаған. Қарияны қорқыту арқылы тонаушылар үйдегі алтын бұйымдарды алып, із суытқан. Келген шығынның көлемі жарты миллион теңгеге бағаланып отыр.  Күдіктілер уақытша қамауға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив