KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Өскеменде зейнеткердің 12 миллион теңгесін тонап кетті

13.08.2018, 10:36 168

ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев өткен аптадағы болған ең сорақы қылмыстарды атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айталық елорда тұрғынынан 15 келі есірткі заты тәркіленген.


– Демалыс күні Астана қалалық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері бұған дейін сотты болған елорда тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты мекен-жайынан 15 келіден астам есірткі заты тәркіленді, – деді Алмас Садубаев.


Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерге қарулы шабуыл жасаған екі күдіктіні қолға түсірген. Олар зардап шегушіден 10 млн теңге тартып алған.


Ал Өскемен қаласында зейнеткердің 12 млн теңгесін тонап кеткен облыс тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін де сотты болған.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив