KZ
Өскемен
+7°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Өскеменде тәртіп сақшылары ардагерлердің терезесінің алдында ән шырқады

5.05.2018, 14:18 60

ШҚО Ішкі істер департаментінің қызметкерлері соғыс ардагерлерін мамырдағы мерекелерімен ерекше құттықтап өтті.



Тәртіп сақшылары ардагерлерге  гүл шоқтары мен сыйлықтарынан бөлек музыкалық нөмірлер де дайындап келіпті. Өскемендік полиция гарнизонының қызметкерлерінен құрылған Ішкі істер департаментінің хоры майдангерлердің терезесінің алдында әскери жылдардың әндерінен попурри орындап берді. Риза болған ардагерлер оларға қосылып, бірге ән айтқан екен.



Аталмыш хор ШҚО Ішкі істер департаментінің мақтанышы болып табылатынын айта кету керек. Шығармашылық ұжым 2010 жылы ҚР Ішкі істер министрі генерал-полковник Қалмуханбет Қасымовтың бастамасымен құрылған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив