KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Қызғылт қазан»: сүт безі обырына қарсы күрес

23.10.2024, 12:15 82 Назерке Каримова

Ақерке Рағызбаева

«Үлбі» орталығының мамандары «Қызғылт қазан» деген атпен белгілі сүт безі обырына қарсы күрес айы аясында сүт безі қатерлі ісігін анықтауға арналған тексеруден өтті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

«Қызғылт қазан» акциясы сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру және қатерлі ісіктің алдын алу үшін 1980 жылдары АҚШ-та пайда болды. Қазір бұл акция әлем бойынша өз қолдаушыларын тапты.

- Бұл біздің «Қызғылт қазан» акциясы аясындағы бірінші қабылдауымыз емес. Осының алдында біз 90-ға жуық әйелдерді тексердік, Үлкен Нарын ауданынан біздің орталыққа арнайы түрде 20 әйел келіп шағын чек-аптан өтті. Бүгін міне «Үлбі» орталығының мамандарын тексеруге келіп отырмыз. Негізі сүт бегі қатерлі ісі Қазақстанда және дүние жүзі бойынша өзекті мәселе болып табылады», - деді ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығы консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нұрғалиева.


Қазақстанда сүт безі қатерлі ісіктері басқа обыр ауруларының ішінде бірінші орын алады және 40-70 жас арасындағы әйелдердің арасында жиі кездеседі. Дерт уақытылы анықталған жағдайда, яғни І және ІІ дәрежеде обырды емдеп шығу мүмкіндігі 95%-ға жетеді.

- Біздің мекемеге онкология орталығының мамандары арнайы келіп, тексеру өткізіп жатқаны біз үшін бірегей мүмкіндік. Себебі кейде жұмыстың қарбаластығынан денсаулығың сыр беріп тұрса да, елемей жүре береміз. Бізге бір апта бұрын осындай тексеру болатыны айтылды. Қандай да шағымы бар немесе денсаулығын тексертіп, ешқандай қауіптің жоғына көз жеткізгісі келген әріптестеріміз тексерілушілердің тізіміне тұрды. Ақ халатты дәрігерлерімізге уақыттарын бөліп келіп, бізді тексеріп жатқандары үшін алғысымызды білдіреміз, - деді «Улбі» орталығының бөлім меңгерушісі Гүлбақыт Қаһарманова.



«Қызғылт қазан» сүт безі обырына қарсы күрес айлығын кез келген тұрғын қолдай алады. Бұл айлық аясында тексерістен өтуден бөлек, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын да түрлі шаралар өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу