Егін жинау статистикасында сәйкессіздіктер: Министр облыс әкімдіктеріне нақты деректерді қамтамасыз етуді тапсырды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімдіктерінен егін жинау мен астыққа қатысты статистикалық деректердің дәлдігін қамтамасыз етуді талап етті. Оның айтуынша, өңірлерден ұсынылған жедел деректер мен ресми статистика арасындағы айырмашылық жыл сайын байқалады. Осыған орай, облыс әкімдіктеріне статистикалық есептермен сәйкестендірілген деректерді ұсыну қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар министр өңір әкімдіктері астықты корпорацияға тапсыру, экспортқа жөнелту және басқа аймақтарға уақытылы тасымалдау үшін элеваторлардың тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін айтты. Оның айтуынша, элеваторлардың тәулік бойы жұмыс істеуі үшін барлық тиісті жағдай жасалған.
«Жинау жұмыстарына бөлінген 362 мың тонна жеңілдікті дизель отынына қосымша, астықты кептіру үшін тағы 68 мың тонна жеңілдікті дизель бөлінді. Бұдан бөлек, сұйытылған газбен жұмыс істейтін астық кептіргіш қондырғылар үшін 22 мың тонна газ бөлінді. Астық нарығындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, корпорация бидайды форвардтық сатып алу бағаларын белгіледі. Биыл егін, егістікке бөлінген қаражат барлық қажетті материалдық құндылықтарды сатып алуға мүмкіндік берді», - дейді ол.
Сондай-ақ, министр 2025 жылға арналған қаржыландыру жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында басталатынын айтты, бұл келесі маусымға уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.