KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Катонқарағайда Орман шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді

Кеше, 13:30 59 Төлеуғазы Жансая

Қазан айының үшінші жексенбісі елімізде дәстүрлі түрде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні ретінде тойланады. Биыл бұл мереке 20 қазанға сәйкес келіп, Катонқарағай ауданында айрықша салтанатты шарамен атап өтілді.

Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға аудан әкімі Данияр Дюсембаев, Катонқарағай МҰТП бас директоры Жанболат Тыныбеков, орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Аудан әкімі Данияр Дюсембаев ұлттық парктің бірқатар қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында құрылыс инженері Александр Кобзев, Рахман орманшылығының инспекторы Бердібек Чакиртов, Шыңғыстай орманшылығының инспекторы Айбек Мұқамжаров, орталық кеңсенің медбикесі Мира Исмаилова және жүргізуші Ерлан Капанов болды.

Катонқарағай МҰТП бас директоры Жанболат Тыныбеков өзінің құттықтау сөзінде ұлттық парктің жұмысы мен оның жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Марапаттау рәсімінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен төсбелгілері табыс етілді. Олардың қатарында бас директордың орынбасары Арнас Ауғонбаев, Усть-Язова және Чернова орманшылықтарының инспекторлары Нұрғали Доржанов, Руслан Мурзағалиев және Қайнар Анакулов болды. Сонымен қатар, ұлттық парк директоры 30-ға жуық қызметкерді өз атынан және облыстық кәсіподақ атынан мадақтамалармен марапаттады.

Шара барысында Өрел шекара бөлімінің өкілі Айдар Бақдәулетұлы, аудандық мәслихат хатшысы Бейімбет Болаев және С.Ластаев атындағы мектеп директоры Гүлжан Төлегенова да құттықтау сөздерін айтып, естелік сыйлықтар табыстады.

Мерекелік кеш аудандық мәдениет үйі әртістері мен мектеп оқушыларының өнер көрсетуімен жалғасты. Табиғат қорғаушылары өздерінің кәсіби мерекесін жоғары көңіл-күймен атап өтіп, салтанатты жиыннан әсерлі сезімде тарқасты.


Дана Әбдікәрім

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив