KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Өскеменде көшбасшылардың қатысуымен ауқымды бизнес-форум өтеді

Кеше, 13:30 74 Айжанат Бақытқызы

23 қарашада Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің танымал кәсіпкерлерінің қатысуымен ауқымды бизнес-форум өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 Спикерлер:

 - Форумның бас хэдлайнері - Forbes журналының 30-ға дейінгілер тізіміндегі Марғұлан Сейсембаев, Арман Юсупов, Карина Оксукпаева және тағы да басқа миллионерлердің продюсері Дулат Бижанов.

 Сондай-ақ табысты бизнес иелері:

-элиталық стоматологияның негізін қалаушы;

-облыстағы үздік білім беру орталығының негізін қалаушы;

-табысты бизнесмендер мен сарапшылар.

 Форум барысында көшбасшылар бизнесін қалай құрып, миллиондар табу жолындағы өз тәжірибесімен және әдістерімен бөліседі.

 Бұл форумда сіздер:

- Өз салаңызда қалай мықты сарапшы немесе кәсіпкер боласыз;

- Онлайн және оффлайн  кәсіпкерлерлік пен сауданың 2024/2025 жылғы трендтері;

- Тәжірибеге уақыт жоғалтпай, қазірден бастап өз табысыңызды ұлғайту үшін қандай әдістемелер енгізу керектігін үйренесіз.

 Бағдарламадан кейін табысыңызды ұлғайту және жеке брендті дамыту стратегиясын жаза аласыздар.

 Форумның өтетін орны: «Best Western Plus Oskemen» қонақ үйі. Мекенжайы: Горький көшесі, 71/1.

 Басталуы: 12:00.

 Қонақтарға дәмді фуршет ұсынылады.

Dress-Code: Ақ- қара.

 Қаламыздағы ең ірі бизнес-шараға қатысам деушілер үшін байланыс номері: 8 777 280 36 82. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив