KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Ұлы даланың - ұлы тұлғалары

Кеше, 17:00 236 Назерке Каримова

Ақерке Рағызбаева

Өскемен қаласындағы №30 мектептің 8-9-шы сынып оқушылары арасында республика күніне орай "Ұлы даланың - ұлы тұлғалары" атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл іс-шара патриоттық сананы дамытуға және Қазақстанның тарихи мұрасын жасөспірімдер арасында насихаттауға, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға бағытталған.

- Конференцияның негізгі мақсаты – ұлы дала тарихын, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғаларды зерттеу, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені өзектендіру, оқушылардың ақпараттық-тарихи мәдениетін, патриоттық санасын арттыру, - деді Өскемен қаласындағы №30 мектеп директоры Айгүл Санатова.


Қатысушылар арасында ұлы далада туылған ұлы билеушілер, соғыс батырлары, ұлы даланың ақындары мен ғалымдары сынды тарихи тұлғалардың өмірі туралы баяндамалар жасалды.

- Осындай деңгейдегі конференцияға алғаш рет қатыстып отырмын. Мен Сағадат Нұрмағамбетов туралы "Ұлы Отан соғысының батырлары - Ұлы Даланың ұлдары" тақырыбына жоба дайындап, қорғадым. Менің жетекшім А.К. Қожахметова. Конференция бағдарламасы біз үшін қызықты болды. Мен өзім үшін Мұхаммед Хайдар Дулати, Тұрар Рысқұлов және т.б. тарихи тұлғалардың өмірі туралы қызықты деректер алдым, - деді 8- сынып оқушысы Егор Бессонов.


Әрбір қатысушының еңбегі бағаланып, олар арнайы сертификаттармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуде, өткенді құрметтеуге және ата-бабаларының дәстүрлерін жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Конференция оқушылардың ақпараттық-тарихи мәдениетін арттыру жолындағы қажетті қадам болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив