KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО-да жүкті әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді

4.05.2018, 10:38 209

Өзін ұрып-соққан азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шағырылды. Сот әйелді айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.


Бұл оқиға Глубокое ауданына қарасты Ушаново ауылында болған. Жүкті болып қалған әйел азаматтық некедегі күйеуінен жасанды түсік жасатуға  ақша сұрайды. Алайда, мас ер адам ақша беруден бас тартып, әйеліне жұдырық ала жүгірген. Қорғанбақ болған әйелі күйеуіне пышақ сұғып алады. Алған жарақаттың салдарынан ол оқиға орнында көз жұмады.


Сот материалдарына сүйенсек, бұл екеуінің бір шаңырақ астында тұрғанына үш жыл болыпты. Екі балалары бар. Күйеуінің ішімдікке салынып кетуінен отбасында ұрыс-керіс көбейе бастаған. Ер азамат әйелін жиі ұрып-соғатын көрінеді.


Сол күні ер адам әйелінің тағы жүкті екенін естиді. Бұл екеуінің үшінші балалары болатын. Күйеуі ашуланып, араларында жанжал туады. Жәбір көруден шаршаған әйел ас үйдегі пышақты алып, күйеуіне сұғып алады. Артынан болған жайды оның апасына телефон арқылы хабарлаған екен.


Ол кінәлі болып табылып, жалпы режимді колонияда бес жыл жазасын өтейді.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив