KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Әміре Қашаубаев туралы Даниал Ахметов: «Ол Еуропаны тәнті еткен ұлы дала мәдениетінің бейнесі»

3.05.2018, 10:12 111

Шығыс Қазақстанда «Әміре» фильмінің көрсетілімі жүріп жатыр. Кинотуынды жарқ етіп жанып өткен жарық жұлдыз, қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысы, біртуар әншісі – Әміре Қашаубаевқа арналған. Айта кету керек, музыкант ШҚО, Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазақстан биыл оның 130 жылдық мерейтойын тойлауда.


Ұлы даланың дара перзентіне арналған «Әміре» фильмін ШҚО жұртшылығы асыға күтті. Әміре Қашаубаев әлем халқын тәнті еткен Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сынды алпауыттар дүниеге келген Шыңғыстау өлкесінде кіндік қаны тамған, ер жеткен. Қалалықтармен бірге туындыны облыс әкімі Даниал Ахметов те тамашалады. Аймақ басшысы фильм көрерменге әдетте экрандарға жол тартатын көшпелі елдің тұрмысы арқылы емес, қазақ болмысының басқа қырын көрсете, жеткізгенін айтады.


– Біз Еуропадағы өмірдің бір сәтін және Әміре Қашаубаевтың басқа бейнесін көре алдық. Ол тек тума талант емес, ең бірінші, ұлы дала мәдениетінің бейнесі. Сондай-ақ, әйгілі әншінің ішкі мәдениетінің тереңдігін тани алдық. Әрине, оның бәрі кеудеге ерекше сезім ұялатады. Айтарым, бұл фильм Еуропаны тәнті еткен біздің жоғары мәдениетіміз туралы, – деді Даниал Ахметов.

Әміре Қашаубаев 1925 жылы EXPO аясында Бүкіләлемдік музыкалық байқауға Парижге аттанады. Франция астанасында ол КСРО делегациясының әртісі ретінде төрткүл тарапты дүр сілкіндіріп, күміс жүлдені жеңіп алады. Ол Еуропа бұқарасына бірінші болып қазақтың вокалдық-орындаушылық өнерін көрсетіп, ұлттық аспабы – домбыраны ұлықтады.


– Фильм біздің мемлекет мәдениетінің бір бөлігін және қазақ зиялыларының асыл тұяғы аяусыз қуғын-сүргінге ұшыраған тарих кезеңін баян етеді. Фильмде ол туралы анық көрсетілмесе де, сол сұм жылдардың алғашқы парақтарын ашады. Біз ол туралы білеміз және тарихтың бұл кезеңі терең зерттелуі тиіс, - деді ШҚО әкімі.

Айта кетсек, фильмде Әміре орындауында "Балқадиша", "Үш дос", "Дудар-ай" и "Бес қарагер" әндері орындалды. Түсірілім Латвияда, Лос-Анджелесте, сондай-ақ, Алматы облысының Үшқоңыр ауылында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив