Қазақстандық дзюдошы «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды
ҚР Спорт комитеті
Якутск қаласында VIII жазғы «Азия балалары» ойындары өтіп жатыр.
Отандасымыз Севинч Абдукадирова чемпион атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйені.
Отандасымыз 40 кг салмақтың финалында өзбекстандық спортшы Динора Хасановадан басым түсті.
- Шымкенттік татами шебері бүгін айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста Саха Республикасының, Беларусь және Өзбекстан спортшысын 2 рет жықты, -делінген хабарламада. - Сондай-ақ бүгін Мағжан Жолдасбек (50 кг), Айбарыс Нұралы (46 кг) мен Әсел Русланова (44 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ертең қалған 5 салмақта үздіктер белгілі болады.