KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, С
441.58 480 4.86

Семейлік дзюдошылар Қостанайдан олжалы оралды

13.12.2018, 10:46 166

Семейлік жас дзюдошылар Қостанайда өткен республикалық турнирде тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Додаға барлығы 300-ден астам спортшы қатысып, бірнеше салмақта өзара мықтыны анықтаған болатын. Тобыл станциясында ұйымдастырылған жарыста шығысқазақстандық татами шеберлері төрт медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, ұлдар арасында 38 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ақан Ботанбай қола жүлдеге ие болса, Елдос Оразынбаев (42 келі) күміске қол жеткізді.


Сол сияқты аталмыш турнирде бұрымдыларымыз да жүлделі орындардан көріне білді. Мәселен, Анна Овчаренко 48 келіге дейінгі бәсекеде екінші орынға табан тіресе, Ажар Асхат (63 келіден жоғары салмақ) тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.


Семейлік жас дзюдошылардың мұндай жоғары нәтиже көрсетуіне спорт академиясындағы жаттықтырушылары Ержан Жантасовтың да сіңірген еңбегі зор болғаны сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив