KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Өскеменде жаңа қойылымның тұсауы кесілді

28.04.2018, 02:11 77

Облыстық драма театрының қазақ труппасының репертуары тағы бір тың дүниемен толықты. Бұл жолы аталған өнер ұжымы əлем қазақтарының руханиятында өзіндік орны бар ақын, діни қайраткер Ақыт Үлімжіұлының "Шолақ қол келіншек" қойылымын сахналады.


-Биыл Ақыт Үлімжіұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай бұл қойылым министрліктің арнайы тапсырмасымен сахналанып отыр, - дейді спектакльдің қоюшы режиссері Сахан Акелеев.

Ғибратқа апарар жолды нұсқайтын тəрбие мен тағылымға бай дастанның желісінде жазылған көркем шығарманың сахналық нұсқасын жасаған - Шынай Рахметұлы. Бір атап айтарлығы, ақын, қажы Ақыт Үлімжіұлының Қазақстанда сахналанып отырған алғашқы шығармасы.


[su_slider source="media: 30251,30252,30253,30254,30255,30256,30257,30258,30259,30260,30261,30262,30263,30264,30265,30266,30267,30268,30269"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив