KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, З
483.23 534.74 5.12

"Соғыс бітті": Оңтүстік және Солтүстік Корея ақыры достасатын болды

27.04.2018, 13:46 274

Жұма күні кездескен Солтүстік және Оңтүстік Корея басшылары саммитте бейбітшілік туралы келісімшартқа қол қойды. Аталмыш құжат 1953 жылғы соғыстың ресми түрде тоқтағанын дәлелдейді. 


Ким Чен Ын Солтүстік Корея басшысы ретінде алғаш болып Оңтүстік Кореяның шекарасына бір қадам аяқ басты. Бұл - 1953 жылғы соғыстан бері Солтүстік Корея басшысының алғашқы рет Оңтүстік Кореяға аяқ басуы.


Таңертеңгілік келіссөздерден кейін екі ел басшылары жеке сөйлесуді ұйғарып, бірге серуенге шықты. Олар бір сағат бойы серуендеген сәтті телеарналар тікелей эфирден көрсетіп отырған. Алайда екі ел басшысының не туралы сөйлескені ешкімге естілмеді.



Дереккөз:


NUR.KZ


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив