KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

Тест тапсырушылардың қатары артып келеді

27.04.2018, 06:08 115

 Облыстыќ тілдерді дамыту жөніндегі басќармасының жанындағы ШҚ лингвистикалыќ орталығы Ұлттыќ тестілеу орталығымен бірлесіп, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің  тіл деңгейін аныќтауға кірісіп кетті. Сәуірдің 26-27 аралығында өткен диагностикалық және  сертификаттық тестілеуге  барлығы 5358 адам қатысcа, олардың 1186-сы сертификат алуға ниет білдірген көрінеді.


-  «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу екі деңгейде өткізіледі: диагностикалау және сертификаттау. Диагностикалық тестілеуде азаматтар өздерінің мемлекеттік тілді қай деңгейде білетінін анықтайды. Ал екінші сертификаттауға арналған тестілеу мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап қана қоймай, оны растайды және бағалайды. Сертификаттық тестілеу тапсырған азаматтарға сертификат беріледі. Сертификаттың  мерзімі алғашқы  А1, А2, В1, В2 деңгейлері үшін екі жыл, С1  деңгейі үшін 5 жыл, - дейді «Қазтест» жүйесін ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының аға сарапшысы Сәбира Сапина.

Оның айтуынша,  әзірге «Қазтест» тапсыруды міндеттейтін  қандай да бір нормативті –құқықтық акт болмағанымен, оны тапсыруға ниет білдірушілердің қатары жыл сайын артып келе жатқаны байқалады екен. Бүгінде «Қазтест» тапсыру тек «Болашақ» бағдарламасына тапсырушы үміткерлерге, мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдері үшін ғана міндетті көрінеді.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив