KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Роскомнадзор "Фейсбук", "ВКонтакте" және "Яндекс" желілерін бұғаттады

27.04.2018, 04:23 183

26 сәуірден 27-сіне қараған түні ірі технологиялық компаниялардың желілік адрестері Роскомнадзордың қара тізіміне енді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Тізімде «Твиттер», «Одноклассники», Yahoo! Және LiveInternet сынды 200-ге жуық IP-адресі енді. Роскомнодзор бұғатталған жаңа тізімді әзірге жариялаған жоқ.


Бұған дейін Мәскеудің Таганск аудандық соты 13 сәуір күні Ресей аумағында Telegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шығарған. Сот шешімі бойынша, Telegram қызметі компания «Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпаратты шифрлау кілтін беру талабын орындағанға дейін» шектелмек.


Ал 16 сәуірде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастаған. Роскомнадзор сонымен қатар тыйым салынған сайттарға кіру құралдарына да тыйым салатынын мәлімдеді.


Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров «ресейліктердің құпия хат алмасу құқығын қайтаруға күресетінін» мәлімдеген. Оның айтуынша, Telegram-ға тыйым салынса, Ресейде ұлттық қауіпсіздік деңгейі төмендеп кетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив