KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Ауыспалы кубокқа «Казцинк» ие болды

26.04.2018, 13:11 198

Өскеменде осымен 15-ші рет ұйымдастырылған Олимпиада чемпионы Борис Александровты еске алуға арналған хоккей турнирі мәресіне жетті.


Аталмыш жарыстың өтуіне жылдағыдай «Казцинк» ЖШС мен жергілікті Хоккей әуесқойларының клубы атсалысты. Алты айға созылған биылғы додаға негізінен әуесқой хоккейшілерден құралған жеті команда қатысып, екі айналымнан тұратын жарыста өзара мықтыны анықтады. Бір айта кетерлігі, турнирде сынға түскен «Зерновик», «Казцинк», «Казцинк-2», «Марқакөл», «Металлург», «Метеор» және «Энергия» ұжымдарының сапында спорттық мансабын аяқтаған кәсіпқой хоккейшілер мен ардагер спортшылар да болды.


– Бәрінен бұрын, жарыстың аясы кеңейіп, қатысушылар саны артып келетіні қуантады. Қарап отырсаңыз, жарысқа бастапқыдағыдай тек қана ардагерлер ғана емес, жастар да қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдіруде. Осы ретте, бізге жылда қаржылай қолдау білдіріп келетін «Казцинк» компаниясының да еңбегін ерекше атап өткен орынды болар, – дейді Өскемендегі Хоккей әуесқойлары клубының төрағасы Геннадий Корешков.

Тартысқа толы жарыстың жеңімпазы болып «Казцинк» командасы танылды. Аталған ұжым тұрақты біріншілікте топ жарып қана қоймай, плей-офф кезеңінде де қарсылас шыдатпады. «Казцинк» компаниясының ауыспалы кубогы сарапқа салынған шешуші кездесуде болашақ чемпиондар «Зерновик» командасынан басым түсті. Есеп 8:3.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив