KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
443.37 474.49 4.83

Семейлік дәрігерлердің жалақы қарызы төлене бастады

25.04.2018, 10:48 99

Семей қалалық жедел жәрдем стансасының қызметкерлеріне жалақы қарызы өтеле басталды. Қазір наурыз айы еңбекақысының 80 пайызы аударылды, қалған берешек осы аптаның соңына дейін  түседі деп уәде етіпті.


-Сәуір айының жалақысын да сәл кешіктіріп беретіндерін ескертті. Бірақ 9-мамырға дейін қолымызға тиетініне сендірді, - дейді біздің әңгімелескен адамымыз. – Бірақ ұжымда қысқарту болады екен, 15 жүргізуші қысқарады деген әңгіме шықты. Зейнетке жақындап қалған қызметкерлер де қысқартуға ілігіп кетпейміз бе деп қорқып отыр.

Семей қаласының психиатриялық диспансерінің ұжымына қарыз берешегі әлі өтелген жоқ.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей қалалық жедел жәрдем стансасы мен қалалық психиатриялық диспансерінің қызметкерлері наурыз, сәуір айының жалақысын ала алмай жүргенін жазғанбыз. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов осы іске қатысты тексеру басталғанын айтқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив