KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Биологтар тышқандарға адамның миын салды

24.04.2018, 15:45 100

Америкалық ғалымдар тышқандарға адамның ми жасушасын салып, олардың әрекетін бақылады. Зерттеу жұмысының нәтижесі Nature Biotechnology журналына жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.


Биологтар адам миының бұршақ көлеміндей ғана органоидтарын түтікшеде өсіріп, тышқандардың басына салды. Уақыт өте келе кішкентай ми біртіндеп тышқандардың өз миының қызметін алмастыра бастады. Нәтижесінде жүйке жүйесі дамып, 233 күн өткеннен кейін ми құрылымы мен даму деңгейі жаңа туған баланың миымен бірдей болды.


Адам миы салынған тышқандардың әдеттегі тышқандардан айырмашылығы болмаған. Бастапқы уақытта олардың есте сақтауы дамып, одан кейін тоқтап қалған.


Ғалымдар зерттеу қорытындысы регенеративті медицинада революция жасауы мүмкін екенін айтады: ми жасушаларын өсіріп, оны адам миын имплантациялауға қолдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив