KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Семейде 15 жыл қатарынан «Кітап мерекесі» өткізіліп келеді

24.04.2018, 05:07 227

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Семейде «Кітап мерекесі» ұйымдастырылды. Бұл шара осымен 15-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жылда әртүрлі тақырыптарды қамтиды.     Мерекенің басты мақсаты – балаларды әдебиетке жақын болуға баулып, кітапханаға тарту,  кітап құндылығын, оның адам өміріндігі алатын орнын, маңызды рухани азық екендігін түсіндіру болып табылады.


- Біз отбасымызбен  әдеби шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сипаттайтын «Біз кітап әлемінен» атты қолөнер сайысына қатыстық, - деді қала тұрғыны, белсенді оқырман Арнұр Ақбергенов,- Онда кейіпкерлерді қолда бар материалдардан жасадық. Сондай-ақ, қазақ тарихына қамтыған және қазіргі заманғы, кино-мультфильм және әдеби кейіпкерлердің бейнесін сомдап көрсету мақсатында «Костюмдер дефилесі» атты байқау ұйымдастырылды.

[su_slider source="media: 29620,29621,29622"]


Айта кету керек, бұл шығармашылық байқауларға қала бойынша барлығы 25 мектептен  200-ге жуық оқушылар қатысты.   Қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылыпты. Байқаулардың жеңімпаздары салтанатты түрде Балалар және жастар шығармашылығы сарайында өткен Кітап мерекесінде марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарды «Меломан Home Video»   ЖШС демеуші ретінде тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив