Студенттер «Біз есірткіге қарсымыз!» челленджін қолдады – ШҚО
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ және ШҚО полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері мен басшылығы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Жастар – еліміздің болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті дені сау ұрпақ қалыптастыру қашанда назардан тыс қалған емес. Бұл туралы ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында да атап көрсетті.
Оқу орнының басшылығы мен полиция өкілдері жиналған студенттерді осы бастан денсаулықтарына салғырт қарамай, бойларын зиянды заттардан аулақ ұстауға шақырды. Айта кету керек, жыл басынан бері 270 профилактикалық іс-шара, семинарлар, дәріс пен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған.
Шара соңында ШҚТУ студенттері аталмыш челленджді өңірдегі өзге де оқу орындарына жолдады.
Фото: Махаббат Ахметжанова